Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық әуе компаниясы есептен шығарылған ұшақты балалар саябағына сыйлады

Қайырымдылық мақсатындағы идея Air Control әуе компаниясының басшысы Олег Лищуктың басына ЯК маркалы ұшақ бірнеше жыл бойы босқа тұрып қалған соң келген.

13698049_1246650022013506_4169585775882749027_o

Олегтің сөзінше, әуе көлігін бөлшектеп метал күйінде сатып жіберуге қолдары бармаған. Сол себепті ұшуға жарамсыз болып қалған ұшақты аламын деушілерге конкурс та жариялаған еді. Үміткерлер екі ай ішінде ұшу көлігін қалай пайдаланатынын айтып түрлі идеялар ұсынған еді. Қаптаған өтініштердің ішінен ұйымдастырушылар “Evrikum” қиял әлемі саябағын таңдапты.

“Өтініштер географиясы өте кең болды. Ресей, Белорусия, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан тіпті Испания, Австралия елдерінен де өтініштер келді. Бірақ, біздің ұжым бірауыздан ұшақтың Алматыда қалуын құптап дауыс берді”, – деп жазды әуе компаниясының қызметкері әлеуметтік желіде.

Әуе компаниясы директорлар кеңесі төрағасының айтуынша, жеңімпазды таңдау кезінде олардың ұсынған қызықты, пайдалы идеясы және қаржылай мүмкіндіктері де ескерілген. Алайда үміткерлердің 70 пайызы ұшақ ішін жалпы тамақтану орталығы етіп жасағысы келетіндерін айтқан.

“Қиял әлемі саябағы өте қызықты концепция ұсынды. Жоба бойынша ұшақ TRK Grand Park аумағында орналасады. Балалар ұшақтың ішіне кіріп, оның құрылымымен таныса алады. Ұшқыш кабинасында әке симуляторы орналасқан, оны пайдаланып кез-келген адам ұшуды сезіне алады. Бұл балалардың авиация әлемімен танысуына ерекше мүмкіндік”, – деді Олег Лищук.

Қазіргі таңда ұшақты қала көшелерімен толыққанды күйінде алып жүруге болмайтындықтан, оны бөлшектеуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Барлық шығынды конкурс жеңімпазы көтереді.

“Біз конкурс туралы әлеуметтік желі арқылы естіп, бірден өтініш білдіруді жөн деп таптық. Алғашқыда ұшаққа балалар үйінің тәрбиеленушілерін және мектеп оқушыларын әкелеміз. Балалар үйінен келушілер тегін араласа, мектеп оқушылары жеңілдікпен кіре алады”, – деді “Evrikum” қиял әлемі саябағының директоры Станислав Гранков.

Талқылау