Алматылық әпкелі-сіңлілер «Пусть говорят» бағдарламасынан көрсетілуі мүмкін (Видео)

Бейсенбі, 10 Желтоқсан , 2015 11:38

Алматылық әпкелі-сіңлілер «Аффтар жжот» рубрикасы бойынша «Пусть говорят» бағдарламасынан көрсетілетін болады.

14

Олардың «Сіңілімнен планшетті қалай тартып алу керек» деген видеосы «Youtube»-тан 800 мың көрсетілім жинаған, деп хабарлайды КазИнформ.

8 желтоқсандағы «Пусть говорят» бағдарламасында көрермендерге instagram-дағы Қазақстандық кішкентай жұлдыздардың видеосы көрсетілген.

Қысқа әрі күлкілі видеороликтары мен вайндары Амина, Адия және Аружан атты әпкелі-сіңлілердің аз уақыттың ішінде интернет жұлдызына айналған. Олардың барлық түсірілімдерін интернет желілеріне ата-анасы салып тұрады.

«Барлығы үйдегі видеодан басталды. Басында біз өзіміз үшін түсіріп, көретінбіз. Артынан достарымызға жіберетін болдық. Кейіннен өз видомыз үшінші біреулерден келе бастады. Сол кезде ол видеолардың елдерге ұнайтынын түсіндік. Сөйтіп, видеоны көбірек түсіретін болдық. Шыны керек, біз ондай болады деп ойлаған да жоқпыз», – дейді қыздардың әкесі Рамазан Малғаждар.

Айтуынша, қазір оларда 100-ге жуық пародия мен вайндар бар.  Жазылушылары да көбейген. Мәселен, instagram-да 52 мың жазылушысы бар. Олар тіпті «Youtube»-тан арна ашып 3 мыңға жуық жазылушы жиналған. Ең көп көрсетілім жинаған «Сіңілімнен планшетті қалай тартып аламын» деген видео. Ол 800 мың көрсетілім жинаған. Ал идеялардың авторы, режиссері, операторы да көбіне аналары  болады екен.

«Біз кешеден бері бірінші арнамен байланыса алмай, әрең дегенде хабарластық. Қазір видеоның қызықтысын таңдап жатыр.  Хабарын кейін беретін болды. Тіпті, бағдарламаға шақырылған жағдайдың өзінде түсірілімге біз келесі жылға түсеміз», – дейді анасы Арай Малғаждар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар