Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы алаяқтықпен бірнеше адамды алдаған актерді ұстады

Алматыда бұрын актер болған жігіт алаяқтық үшін ұсталды. Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алматылық актер 15 жастағы баланы алдап, ноутбугын тартып алған

«Бірқатар тұрғындардан шағым келіп түскеннен кейін 21 жастағы күдіктіні біздің бөлімше қызметкерлері қолға түсірді. Ол, негізінен кәмілеттік жасқа толмаған балаларды алдап келген. Ол мектеп жасындағы жасөспірімдердің сеніміне кіріп алған. Мысалы, бір жолы ол өзімен бір аулада тұратын 15 жастағы баланы ноутбукты далаға алып шығуға көндірген. Баланы алдап, сол аулада орналасқан дүкенге кіріп, кейін жасырынған”, – деп хабарлады Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.

Ол ұрланған ноутбукты 15 мың теңгеге сатып жіберген. Сондай-ақ, тағы бір қыздан ұялы телефонды тартып алған. Тапқанын өз керегіне жаратқан.

Жас жігіт бұған дейін екі бірдей драмалық картинаға түскен экс-актер болып шықты. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау