Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық ақсақал 15 жылдан кейін жеке куәлік алды (фото)

Он бес жылдан астам уақыт құжатсыз жүрген алматылық Мұратбек Әубәкіров кеше өзінің жеке куәлігіне қол жеткізді. Ол – кезінде қазақ әндерінің жоқтаушысы болған драматург, радиожурналист Мақсұтбек Майшекиннің жиен немересі екен.

мыымым

Бұл туралы el.kz хабарлайды.

Үйсіз-күйсіз жүрген азаматтың Алматы қаласындағы барлық мәдени шаралардың бел ортасында жүретіндігі және оның кім екендігі көп адамды қызықтыратын. Сол себепті, көбіне бір бұрышта үндемей отырып, концерт тамашалайтын бұл ақсақалдан 2014 жылдың мамыр айында “Алматы ақшамы” газетінің тілшісі Роза Әрен сұхбат алған еді.

c8ced1556ca759a46d86c9776441a4b3

Мұратбек Әубәкіров – екі бірдей мамандықты тауысып, ауыл­шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында, бүкілодақтық ғылыми-зерттеу жобалау институтында, одан соң, Қыздар педагогикалық институтында қызмет істеген көзі ашық кісі. Өзінің айтуынша, туыстары үйін тартып алып, құжаттарының көзін жойғанда, ойламаған жерден тұрақты мекен-жайы жоқ адамға айналып шыға келген.

Ақсақал екі жыл бұрын “Алматы ақшамына” берген сұхбатында “мен қазір 63 жастамын. Бірақ, 4 айдан бері зейнетақымды рәсімдей алмай жүрмін. Себебі, жеке куәлігім жоқ. Құжаттарды қайта жасату үшін қасымда жүріп көмектесетін пысықтау бір адам керек” деген болатын. Осыдан соң, газет тілшісінің бастамасымен ғаламтордағы әлеуметтік желілерде Мұратбек Әубәкіровке көмек (киім, азық-түлік және т.б.) көрсетілді. 2014 жылдың күзінде кейіпкеріміз мейірбан жандардың арқасында өзінің көп жыл күткен алғашқы құжаты – туу туралы куәлігіне қол жеткізді. Ал, күні кеше, араға екі жыл салып, Алматыдағы “КЕШ” құқық қорғау орталығының көмегімен жеке куәлік алды.

33e250213bb6e1996066bd2887c36c44

Ақсақалдың жеке куәлік алуына заңгер Камиша Есмұхамбетқызы көмектесті

Газетке берген сұхбатынан кейін Мұратбек ақсақал бірнеше телеарнаға қонақ ретінде шақырылғанымен, түсірілген бағдарламалардан кейін оған заңдық тұрғыда ешқандай көмек көрсетілмеді. Жылдар бойы далада қаңғырып жүрген азаматқа ғаламторда қарапайым кісілер көмек қолын созды.

Мұратбек Әубәкіровтің нағашы атасы Мақсұтбек Майшекин 20 жылдан астам уақыт Қазақ радиосының музыка редакциясында аға редактор болып істеген. Ол кісі ел арасында Мағжан Жұмабаевтың “Сен сұлу” атты өлеңін қиын-қыстау кезеңде сақтап қалып, кейінірек халыққа таралуына ықпал еткендігімен де танымал. Атасына ұқсап өнерге құштар болған Мұратбек ақсақал Алматыдағы мұражай, көрме, концерт залдары, опера және балет театры мен драма театрына қалмай баруға тырысады. Өзі 2005 жылы словак киногерлерінің “Матушка” атты фильміне, ал, 2014 жылы жас режиссер Максим Қодаровтың қысқаметражды фильміне түсті.

11f7e709c9fb94ce78f7956ffbe8dedd

Ақсақалдың 2014 жылы туу туралы куәлік алған кезі

“Өнер мен мәдениет, әдебиетке қатысты ша­ра­ларға жиі барсаң, бар дүниені ұмытып кетесің. Студент күнімнен осындаймын, мәдени кештерден қалмаймын. Қазір тіпті өнердің нағыз фанатына айналдым” дейді ақсақал.

8900b0a468da197399b62ad573297e17

Сурет авторы – фотограф Сәрсенбек Қызайбекұлы

Мұратбек Әубәкіров қазір бөтелке жинап тапсырып, күн көреді. Ішімдік ішпейді, ешкімнің ала жібін аттамайды. Оған ара-тұра жолдас­тары ұсақ-түйек қаражат береді екен. “Мен қазір далада қаңғып жүрсем де, адам ретінде өзімді жоғалтпадым. Менің әлі жүзеге аспаған қаншама мақ­саттарым бар. Менің өмір сүргім келеді” дейді өзі. Оның ендігі арманы – зейнетақысына қол жеткізу.

Талқылау