Алматылық адвокат бақылау камераларына түсіп қалған айыппұлды қалай төлемеуге болатынын айтты

Танымал алматылық заңгер Жангелді Сүлейманов бейнебақылау камераларына түсіп қалған айыппұлдарды қалай төлемеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алматылық адвокат бақылау камераларына түсіп қалған айыппұлды қалай төлемеуге болатынын айтты

“2014 жылдан бері бұл тақырыпты көп қозғадым. Айыппұлды төлеу туралы бұйрықтар заңсыз болып табылады. Себебі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте ол айыппұл салатын құжат ретінде қарастырылмаған. Менімен ешкім дауласқан жоқ, бірақ менің наразылығыма ешқандай жауап та бермеді.

Негізінен халыққа бәрібір болды. Бұл – қоғамның азаматтардың құқығының тапталуына деген немқұрайлылығын көрсетеді. Сонымен аталған “бақыт хатын” 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңдастырды. Яғни, ол уақытқа дейін заңсыз болып келгені дәлелденді”, – дейді Жангелді Сүлейманов.

Заңгердің айтуынша, стоп-сызық пен жылдамдықты белгілейтін бейнебақылау камералары да заңсыз. Себебі олар жол жүру туралы заңда қарастырылмаған. Сондай-ақ, бірде бір нормативтік актімен реттелмейді.
Осылайша заң шығарушы органның құжатқа деген құнтсыздығы айыппұлды төлемеуге мүмкіндік береді.

Егер сізге бүгін автокөлігіңіз (сіз емес, автокөлік) 15 мамыр күні жылдамдықты арттыру, тұрақ ақысын төлемеу немесе тағы да басқа құқық бұзушылыққа қатысты хат келсе, айыппұлды төлемеудің заңды жолы бар.
“ҚР ӘҚбК 31 бабы, 2 тармағына сәйкес, егер автокөлік иесі 15 мамыр күні өзінің автокөлікке отырғанына күмәнданса, ол полицияға өзін айыппұлдан босату туралы өтініш жазады. Мұндай өтінішті, мәселен, 15 шілдеде беруге болады. Ол құжатта міндетті түрде көлікті сіз емес, басқа біреудің (мәселен, ұлыңыз, әкеңіз, әйеліңіз) жүргізгенін атап өту қажет”, – дейді адвокат.

Мұндай жағдайда полиция тексеріс жүргізуі қажет. Алайда ӘҚбҚ мұндай тексеріс уақытына шек қоймайды. Сонда заң бойынша сіз айыппұлдан босатылуыңыз керек. Сондай-ақ, сіз өтініште атап көрсеткен адамға да айыппұл салынбауы тиіс. Тәжірибе жүзінде тексеріс жүргізу қиын. Себебі оны қалай жасау керектігін әлі күнге дейін ешкім білмейді.

Әрине, полиция сіз атап көрсеткен адамның үстінен хаттама толтыра алады. Алайда заң бойынша ондай хаттама толтыру заңсыз. Хаттама толтырылған жағдайда, потенциалды құқық бұзушы оған қол қоюы шарт. Ал ол үшін оны шақыру қажет. Мәселен, ол адам табылды, хаттамаға қол қойды делік. Бірақ мұндай жағдайда азамат айыппұлдан босатыла алады. Себебі құқық бұзушылықтан бері екі айдан аса уақыт өткен.

“Әрине, бұл заңның кемшілігі екенін түсінемін. Алайда ол о баста бейнебақылау камералары заңсыз болғандықтан солай болып отыр. Әрине, менің кеңесімді расымен де көлікте өзіңіз отырмаған жағдайда немесе ол фактіні есіңізге түсіре алмаған жағдайда қолдана аласыз”, – дейді Сүлейманов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар