Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық 4 жасар бала «Метродағы үздік селфи» байқауында жеңімпаз атанды

Бүгін «Алматы Метрополитені» мемлекеттік кәсіпорны ҚР Тұңғыш Президенті күнін және өзінің құрылған күнін атап өтіп жатыр. Осыдан дәл 4 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев метрополитеннің тұсаукесер рәсіміне қатысып, оның алғашқы жолаушысы болған еді.

селфии111

Сондай-ақ, бүгін осыдан бір ай бұрын жарияланған «Метродағы үздік селфи» байқауының қорытындысы шығарылды. Сонымен, дауыс беру қорытындысы бойынша Алматы қаласының 4 жастағы тұрғыны Ералы Құлмырза жеңімпаз атанды. Оның фотосы 5 мың «лайк» жинаған.
«Алматы Метрополитені» мемлекеттік кәсіпорнының директоры Айдын Оразханов Ералыны жеңісімен құттықтап, оған планшет сыйлады.

селфии 222
«Біз жыл сайын осы күні ҚР Тұңғыш Президенті күніне бағыштап мерекелік шара ұйымдастырамыз. Өйткені, метро Елбасының арқасында іске қосылды. Биыл біз үздік селфи бойынша байқау ұйымдастырдық. Қазір адамдардың барлығында дерлік смартфондар бар ғой және олар жиі селфи жасайды. Байқауға барлығы 40 фото жіберілді. Оларды біздің сайттан көруге болады. Біз жеңімпазды анықтауға қатысқанымыз жоқ. Мұны сайтқа кірушілер жасады. Меніңше жеңімпаз әділ таңдалды», – деді А. Оразханов.

селфиии333
Сонымен қатар, бүгінгі шара барысында метрополитеннің үздік қызметкерлері марапатталды.

Талқылау