Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық 18 жастағы Лунара Сабыржанды туыстары жарты жылдан бері іздеуде

Алматыда туыстары Республикалық медициналық колледждің студенті Лунара Сабыржанды жарты жылдан бері іздеп таба алмай жатыр.

ыммыымым

Бұл туралы Инстаграмда боксшы Данияр Елеусінов жариялады. Қыз 26 наурыз күні сабаққа кеткеннен кейін үйіне оралмаған. Лунараның анасы Ақбұрыш Хайруллинаның айтуынша, қызы осыған дейін де бір мәрте жоғалып табылған екен. Ал бұл жолы жарты жылға жуық уақыт өтсе де хабар жоқ.

“Сабақтан соң ол маған телефон шалып, үйге келе жатқанын айтты. Біз оны күттік, алайда ол сол күйі келмеді. Мұғалімдеріне хабарлассақ, олар да ештеңе білмейді”, – дейді анасы.

Қыз мектеп бітіремін дегенше ата-әжесінің қолында, Алматы облысында тәрбиеленген екен. Бұл уақыт ішінде Лунара ол жаққа да бармаған. Туыстары оның суретін алып адамдар көп шоғырланған аумақтарды кезіп шыққанымен нәтиже жоқ. Анасының сөзінше, әзірге полицияның да іздеуі нәтиже бермеген.

“Полиция ешқандай нәтиже жоқ дейді. Біз де үйде отыра алмай, іздеп жатырмыз”, – деп жазды анасы.

Әйел қызын көрген жандар болса мына телефондарға хабарласуларын сұрайды: 87477503790, 87474972267, 87472831552.

Талқылау