Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыға келген Назарбаев Қырғызстан президенттігіне кандидатпен кездесті

Бүгін Алматыға келген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановпен кездесті.

395945a955a33b5c123fca1bd2360597

Бұл туралы “Ақорда” хабарлайды.

“Қазір Қырғызстан ел президентін сайлайтын аса маңызды кезеңде тұр. Бұл әр мемлекет үшін аса жауапты кез. Мен сіздердің қай президенттеріңізбен де тығыз жұмыс істестім. Енді қырғыз елі сенім білдіретін жаңа сайланған мемлекет басшысымен де қанаттаса жұмыс істейміз”, – деді Назарбаев.

Өз кезегінде Өмірбек Бабанов та қырғыз халқының Назарбаевтың әр көмегі мен еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

“Мен Қырғызстанның премьер-министрі болып тұрған кезімде сіз үнемі көмек көрсеттіңіз. Бізге туыс болып келетін Қазақстан халқының әр жетістігін біз үлкен қуанышпен қабылдаймыз”, – деді Қырғызстан президенттігіне кандидат.

Оқи отырыңыз:

Елбасы: Латын әліпбиіне өту мәселесін дұрыс түсінген жөн

Божко: Қалаға келетін ауылдық жастардың ағымын азайту керек

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Бауыржан Байбек көшеде баян тартып отырған қарияға қолтаңба берді (видео)

Талқылау