Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдан табылған балалардың анасы олардың үйден қашуының себебін айтты

14 жастағы Жансая Әбілқайыр мен екі жастағы Асқар Нұрәлінің анасы Нұрсұлу Тізекбаева балаларының үйден қашып кетулеріне отбасылық кикілжіңдердің себеп болғанын айтты.

0

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Нұрсұлу күйеуімен ажырасқан. Ал қызы Нұрсұлудың телефонынан әкесінің балаларының керегі жоқ екенін жазған хатын оқып қойған. Бүлдіршіннің көңілі түсіп, кіші бауырымен үйден кетіп қалған.

Ал анасы қызының екі ағамен танысып, солардың артынан кетіп қалғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр.

“Олар ешкіммен танысқан жоқ! Жансая әкесінің сөздеріне ренжіп, көп жылады. Ал Асқар екеуінің Шымкентке баратын ақшасын қыздың өзі жинаған.

Алайда біз диспетчерлерге кәмелеттік жасқа толмаған балалардың автобуспен жол жүріп бара жатқанын айтқанда, жүргізуші қорқып, оларды Тараз трассасына тастап кеткен сыңайлы”, – дейді Тізекбаева.

Бұдан кейін бүлдіршін жол-жөнекей газельге мініп, Алматыға барған. Өзінің қай жерде екенін әкесіне өзі хабарлаған. Асқар мен Жансаяның екі үлкен және үш кіші аға-бауырлары мен бір сіңілі бар.

Естеріңізге сала кетсек, 14 жастағы Жансая мен бауыры шілденің 6-сы күні сағат 10 шамасында жоғалып кеткен болатын. Жасөспірім үйге хат қалдырып, 40 мың теңгені алып кеткен. Артынша бүлдіршіндер Алматы вокзалынан табылған.


Жіберіп алмаңыз:

Оралда қыдырымпаз студент қыз өзін жоғалды деп жалған ақпарат айтқан

ОҚО-да 12 жасар Балнұр Насыр есімді қыз жоғалды

Алматы зообағында жоғалды деген 6 қар барысы өлген болып шықты

Алматыда Матаева Гаухар есімді 46 жастағы әйел жоғалды

Талқылау