Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдан Ақтауға бет алған “Эйр Астана” ұшағы әуежайға қайта оралды

“Эйр Астана” әуе компаниясының баспасөз қызметі Алматыдан Ақтауға бағыт алған ұшақтың әуежайға қайта оралғанын хабарлады.

1721625

Халықаралық қауіпсіздік процедураларына сәйкес экипаж әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдаған.

“2017 жылы 25 сәуірде Алматы-Ақтау КС 857 рейсін орындаушы Airbus А320neo ұшағы қозғалтқыштың май деңгейіндегі индикация жүйесінің істен шығуына байланысты әуежайға қайта оралды. Қайта оралу туралы шешім халықаралық қауіпсіздік процедураларына сәйкес қауіпсіздікті сақтау үшін қабылданды. Ұшақ штаттық режимде қондырылды. Қазіргі таңда әуе компаниясы ұшақты толық техникалық тексеруден өткізіп, қажетті шараларды қабылдамақ. Жолаушылар басқа әуе кемесі арқылы сапарларын жалғастыра алады,” – деп хабарлады әуе компаниясы.

Бұған дейін де Алматыдан Дубайға ұшқан, Алматыдан Бішкекке ұшқан “Эйр Астана” ұшағы әуежайға қайтып келген еді. Сондай-ақ, 2017 жылғы 5 наурызда Алматы-Орал бағыты бойынша КС 881 рейсін орындау кезінде де  “Эйр Астана” экипажы Ақтөбе қаласындағы жақын әуежайға шаттық қонуды жүзеге асырған еді.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Маңғыстауда жігіт 17 жастағы қызды алып қашып, аяусыз ұрып өлтірді

Талқылау