Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция Алматыдағы жолдарда көлік қозғалысының орташа жылдамдығы қалай есептелетінін көрсетті (видео)

Алматыда билығы жылдың 1 желтоқсанынан бастап көліктің барлық бағыттағы қозғалысының орташа жылдамдығын есептеуге мүмкіндік беретін камералар орнатылады. Полициядағылар камералардың көлік қозғалысының орташа жылдамдығын қалай есептейтінін түсіндірді, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыдағы жолдарда көліктің қозғалысының орташа жылдамдығын есептейтін камералар орнатылады (видео)

Бірқатар өзгерістер енгізілетін «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» жүйесі көліктің камера маңындағы ғана емес, барлық бағыттағы қозғалысының орташа жылдамдығын есептей алады.

Ведомство мәліметінше, көлік қозғалысының жылдамдығын арттыру ЖКО-ның негізгі себебі болып отыр. Көлік жылдамдығын 1км/сағ-қа төмендету, түрлі жарақатқа алып келетін апаттар санын 3%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, көптеген көлік жүгізушілері камера маңынан өткенде ғана жылдамдықты төмендетіп, оған дейінгі және кейінгі қозғалысында жылдамдық тәртібін бұзады. Сондықтан көлік жылдамдығына қатысты бұзушылықтарды осындай әдіспен бақылау негізді болып табылады.

Көліктің орташа жылдамдығын есептеу үшін, видеокамералар орналасқан орындар арасындағы қашықтық оны жүріп өткен уақытқа бөлінеді. Өз кезегінде полиция департаментіндегілер көлік қозғалысының орташа жылдамдығы қалай өлшенетіні туралы видео ұсынды.

Полициядағылардың мәліметінше, жаңа жүйе арқылы камераларды қаланың барлық жеріне орнатпай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді анағұрлым тиімді етуге болады.

Осылайша, жүргізушілерді жол тәртібі мен көліктің жылдамдық режимін сақтауға мәжбүрлеп, ЖКО санын азайтуға болады деп күтілуде.

Мұндай жүйелер ЕО мемлекеттерінде, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресейде қолданылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау