Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда атыс кезінде жараланған 5 адамға ота жасалып жатыр

Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасында шабуыл кезінде жарақат алған бес адамға жедел операция жасалып жатыр.

сс

Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Қазір жедел жәрдем ауруханасында күзет күшейтілген, маңында полиция көліктері тұр.

Алматыда бүгін түске белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасағаны хабарланған. Куәгерлердің айтуы бойынша, атыс үні қаланың бірнеше бөлігінде естілген. Ресми ақпарат бойынша, қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері мен бір бейбіт тұрғын бар.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің “қызыл” деңгейін жариялаған.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскен болатын.

Талқылау