Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы тікұшақ апатының себебіне қатысты нұсқалар айтылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу жөніндегі басқармасының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматыдағы тікұшақ апатына қатысты түсініктеме беріп, апат себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыдағы тікұшақ апатының себебіне қатысты нұсқалар айтылды

«Кеше сағат 16:05-16:08-де «Алатау» шипажайының аумағында авиациялық оқыс оқиға болды. Sky Service әуекомпаниясының ЕС 130 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш мерт болды. Ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмған. Тікұшақтың күл-талқаны шыққан. Қазіргі уақытта ол жерде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу басталды. Тергеу бойынша комиссия құрылды. Нәтижесі кейін хабарланады», – дейді Нұрлан Жұмасұлтанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта апатқа қатысты 3 нұсқа айтылып отыр. Бұл – техникалық ақау немесе әуе кемесінің ақауы, адам факторы, яғни тікұшақты басқаруда жіберілген қателік және ауа райының қолайсыздығы.

Нұрлан Жұмасұлтановтың пікірінше, үш нұсқаның да негізі бар.

«Кеше қатты тұман болды. Көру мүмкіншілігі шамамен 150 метрдей болды. Мұз қату жағдайы да айтарлықтай еді. Қазіргі уақытта барлық нұсқа тексеріліп жатыр», – дейді ол.

Айта кетсек, бүгін, 17 қаңтарда Алматыдағы Таусамалы ықшамауданында тікұшақ құлап, ұшқыш мерт болды. Ұшақты 50 жастағы Валентин Шитов басқарған. Ол өте тәжірибелі ұшқыш болған екен.

 

Талқылау