Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы терактіде қаза болған шекара қызметкерінің атына медаль берілді

Алматыдағы теракті салдарынан қаза болған Шекара қызметкерінің әкесіне ұлының Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медаль табыс етілді.

12598991

Сурет: ҚР ҰҚК Шекара қызметі

Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шекара ведомствасының басшысы көңіл айта отырып, қайтыс болған шекара қызметкерінің әкесі Малик Қырықбаевқа медаль табыстады. ҚР ҰҚК төрағасының бұйрығымен Азамат Әзімжанов қайтыс болғаннан кейін “Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін” марапатталды.

«Аға лейтенант Азамат Әзімжанов өз атына лайық офицер болды. Ол өз ісінің маманы, елінің патриоты еді. Мен қол астымда осындай адамдар қызмет ететінін мақтан тұтамын. Осындай ұл өсіргеніңіз үшін сізге алғыс білдіремін. Біз сіздерді қайғылы жағдайда тастап кетпейміз. Сіздер біздің үлкен шекара отбасындай болып кеттіңіздер. Біздің тарапымыздан барлық көмек көрсетілетін болады», – деді Дархан Ділманов.

Бұған дейін Алматыны қанға бояған қылмыскердің салафизм ағымымен байланысы бар екені туралы ақпарат жарық көрген еді. ҚР ІІМ: Алматыда лаңкестің бесінші құрбаны Шекара қызметінің әскери қызметшісі болғанын, Азамат Әзімжанов жұмысын мақтан тұтқанын хабарлаған едік.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді. Ал Елбасы қанды оқиғаны теракт деп атап, ішкі істер министрін шұғыл түрде Алматтыға аттандыратын болды. Ал шаһарда террорға қарсы операцияның аяқталғаны хабарланды.

Талқылау