Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы теракті кезінде жалған ақпарат таратқандар ұсталды

Алматыда 18 шілде күні болған теракті туралы жалған ақпарат таратқандар ұсталды, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

12554351

«Қоғамдық дүрбелең туғызғандардың ішінде ЖОО-ның студенті, 1995 жылғы Ч. есімді азаматша бар. Ол әлеуметтік желіге Алматыдағы City Plus сауда үйінде адамдарды тұтқынға алғанын, адам өлімі де болуы мүмкін екенін жариялаған», – дейді қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

«Екінші комментатор – А. есімді 1993 жылғы азамат қаланың төменгі бөлігінде адамдарды атып жатқаны жөнінде желіге жазған. Екі ұсталушыға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіледі», – деп қосты ол.

Салтанат Әзірбек алдағы уақытта күдіктілерге қатысты шара қолданылатынын айтты.

Жедел іздеу барысында өзге де жалған ақпарат таратушылар іздестіріліп жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Салдарынан 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді.

Ал ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы дапайда болды. Қалмұханбет Қасымов жалған ақпарат таратқан блогерлер мен тілшілер адвокат іздей беруге кеңес берген еді.

Талқылау