Алматыдағы теракт: Күлекбаев Челах отырған түрмеде жазасын өтейтін болды

Сәрсенбі, 2 Қараша , 2016 21:24

Күлекбаевқа кесілген үкімнің қашан орындалатыны белгісіз. Өйткені елімізде өлім жазасының орындалуына мораторий бар екені мәлім. Бұл туралы КТК хабарлайды.

вмвм

Сондықтан Күлекбаев Қостанай облысындағы ерекше режимдегі «Қара бүркіт» түрмесінде отырып, үкімнің орындалуын күтеді. Ал оның бес сыбайласы әр түрлі мерзімге сотталды.

Руслан Күлекбаевқа қатысты соңғы сот отырысы болғасын ба, бүгін қауіпсіздік шаралары ерекше күшейтілген. Он адамды атып өлтірген лаңкесті бірнеше жауынгер күзетіп тұр. Тіпті сот залына мұздай қаруланған арнайы жасақ сарбаздары да кіргізіліпті. Өйткені қоғам үшін аса қауіпті саналатын лаңкес аяушылық қасиеттен ада екенін көрсетті. Сот үкімі оқылғанда да баяғы әдетіне басып, орнынан тұрған да жоқ. Судья да көпке созбай, қаныпезерді ату жазасына кесті.

Алайда аса ауыр жаза арқалаған Күлікбаевтың бұл үкімге беті бүлк еткен жоқ. Себебі жасаған қылмысына еш өкінген емес. Тіпті жәбірленушінің туыстарынан кешірім сұрауға да жарамады.

“Оңбаған екен. Бәрібір сияқты оған. Атсын. Қаншама адамның қанын ішті. Сондай мәдениетсіз адам”, – деді марқұм А.Әзімжановтың туысы Зағира Қырықбаев.

Күлекбаев жәбірленушілерге қыруар қаржы қарыз болып қалды. Судья оны бір ай ішінде 50 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Енді осы қанды қылмысы үшін жазасын ерекше режимдегі «Қара бүркіт» түрмесінде өтеуі тиіс. Қостанай облысындағы осы колонияда атышулы Владислав Челах та отыр. Ал Күлекбаев енді оған ешкімнің жазасын жеңілдетпейтінін түсінсе керек, апелляциялық шағым жазбаймын деп адвокатынын сәлем айтып жіберіпті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар