Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда терактіден қаза тапқандардың туыстары атыс болған жерге ескерткіш қоюды сұрады

Алматыдағы қанды теракті кезінде қаза тапқан азаматтардың туыстары атыс болған жерге ескерткіш қоюды сұрауда.

12554351

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл жайлы Күлекбаевты атыс кезінде жаралап, өзі 9 жерден алған жарасынан қаза тапқан полиция қызметкері Аян Ғалиевтің қайын атасы Мұхаммет Асанов қаза тапқандардың ағайындарының атынан айтты.

“Соттың бүгінгі үкімімен қанағаттандық, енді ол орындалсын. Сот Аян Ғалиевті мемлекеттік наградаға ұсыну туралы қаулы шығарып, ҚР ІІМ атына жолдады. Оған Халық қаһарманы деген атақ берілсін. Сосын, атыс болған жерге Шәріпов көшесіне ескерткіш тақта қойылсын. Онда қаза тапқандардың аты-жөні түгел жазылсын”, – Мұхаммет Асанов.

Соттан кейін Аян Галиевтің жұбайы Анар Асанова журналистерге сұхбат берді.

“9 жерден жараланса да, Күлекбаевты тоқтата білді. Егер оны тоқтатпаса, тағы да қаншама адамды өлтіретін еді. Жастарға, артында қалған балаларына үлгі болуы үшін ерлігі ескерілуі керек деп ойлаймын. Ұмытылмауы керек. Бауыржан Момышұлы “Батырлық ерлік деген озық өнеге, халық дәстүрінен” дейді. Осының барлығы Аяныма қатысты айтылған деймін. Мен өз жолдасымды Халық қаһарманы деп танимын”, – деді Асанова Анар.

Айта кетейік бүгін 2016 жылдың 18 шілдесінде Алматыда теракт жасаған Руслан Күлекбаев және оның сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты.

Талқылау