Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы тауда ер адам жоғалып кетті

Алматы тауларында Александр Назарук жоғалып кетті. Оның досы Евгенийдің айтуынша, жексенбі күні, 4 қыркүйекте олар Александр және тағы бір досымен бірге Үлкен Алматы шыңына көтерілген.

жоғалды

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Кеше біз шыңға шықтық, тумен бірге фотоға түстік және сол бағыт бойынша кері қайтуға бел будық. Бірақ Александр басқа жолмен баруды ұйғарды. Біздің айтқанымызға көнбей тұрып алды. Арамызда ешқандай араздық болған жоқ, мүмкін өзінің көңіл-күйі жоқ болған шығар. Ол обсерваторияға дейін төмен түсетін болды және біз оны көлікпен күтіп алатын болып келістік. Үйге қайтып келсек, ол әлі келмепті. Сонда біз құтқарушыларға хабарластық», – деді Евгений.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы ер адамның жоғалғаны туралы ақпаратты растады.

«Кеше түстен кейінгі уақытта хабарлама келіп түсті. Бізге белгілі болғаны, үш дос тауға серуендеп барған. Үлкен Алматы шатқалы маңында, жол ортасына олардың жолы екіге бөлінген: екеуі соқпақ жолмен жүрген, үшіншісі жота арқылы кесе-көлденең жүріп өтпек болған. Екеуі таудан төмен түскен, ал үшіншісі оралмады», – деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Юрий Буржинский.

Буржинский  іздестіру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. ТЖМ қызметкерлері Александр Назарук ізімен жүріп келеді. Ал Евгений Аюсай шатқалы маңында өзге құтқарушыларға көмектесуде.

Талқылау