Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы түйеқұспен шапқан тұрғын жайлы видеоның құпиясы ашылды

2016 жылғы 31 тамызда Қазнет, сондай-ақ The Sun (Ұлыбритания), Daily Mail (Ұлыбритания), Herald Sun (Австралия), reddit.com, 9gag.com сияқты шетелдік басылымдар  Алматыда Әл-Фараби даңғылында жүгіріп өткен түйеқұспен видеоны талқылады. Тәулік ішінде ол 5 млн көрермен жинады. Он мыңдай лүпіл, жүздеген әзіл,  пікірлер жазылды.

түйеқұс

Бұл ролик «Астана Банк» АҚ жарнамалық науқанының бөлігі болып шықты.

«Астана банкі» командасы мүшелерін мұндай ойға көпшілігіміздің іш пыстырарлықтай өмір сүріп жатқандығымыз итермелеген.

«Өмірде адамдар күйкі тірліктің құлына айналғандай, қызықты оқиғаларды аз кешеді. Өмірдің өзі өтпелі, өлшеулі. Бос арманға берілмей, іске көшіп, арманымызды шындыққа  айналдыруға асыққан жөн. Ерекше жағдайда  желіге шыққан вирустық ролик біздердің  армандардың орындалатынына сене бермейтінімізді дәлелдегендей», – деп атап өтті банкте.

Талқылау