Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы сұрапыл жауыннан бірнеше тұрғын үй әбігерге түсті

16 мамырда күннің екінші жартысында жауған жаңбыр әсерінен Алматыдағы 127 жеке тұрғын үй және үй алдындағы аулалар суға толып, әбігерге түсірген. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ноерп

Сурет camonitor.kz

“Барлығы үйлерге және аулаларға залал тигізген 127 жағдай тіркелді. Оның көбісі, яғни, 87-сі – Алатау ауданында болса, Наурызбай ауданында – 17, Жетісу ауданында – 15, Медеу ауданында – 5 және Түрксіб ауданында – 3 оқиға тіркелген”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиға орындарында өрт сөндірушілер мен төтенше құтқару қызметінің жекелеген құрамдары жұмыс істеп жатыр. Инженерлік қызмет, сумен қамтамасыз ету қызмет өкілдері де сол жерде. Төтенше жағдай барысында 180 адам, 53 техника бірлігі жұмылдырылған.

Сондай-ақ, дүйсенбі күні кешкілік ағаштардың құлап көліктерді басып қалған 13 жағдайы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ.

Талқылау