Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы студенттің өлімі: Күдіктінің туыстары жанжалдың себебін айтты

Алматыда дәрігердің ұлы Жанұр Байқонысты өлтірді деген күдіктінің туыстары арты өлімге алып келген қақтығыста өз нұсқаларын айтты. 15 жасар жасөспірімді өлтірді деген күдіктінің отбасы «Спутник» сауда орталығының жанындағы төбелес бәстесудің салдарынан орын алды деп санайды. Олардың айтуынша, күдікті Жанұр Байқоныспен жиналмаған ыдысқа бола ерегісіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттіг Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Алматыдағы студенттің өлімі: Күдіктінің туыстары жанжалдың себебін айтты

«Менің ұлым 10 күн бұрын олардың ортақ танысының үйінде аквапарктен келіп түскі ас ішкен. Ұлымның достарынан кейін ол үйге Жанұр келген. Ол балалардың арттарын жинамай ыдыс жумағандарын көріп, оларды жазалағысы келген көрінеді. Бірақ олар жасөсіпірім болғандықтан бірде біздікінде, бірде басқа жерде тамақтанады ғой», – дейді күдіктінің отбасы.

Олардың сөзінше, бұл жағдай жасөспірімдердің төбелесіне әкелген.

«Жанұр алғаш болып кездесуге шақырды. Біздің бала да бірге-бір шықты. Ол тоғызыншы, ал Жанұр 11 сыныпты бітірген. Бірінші болып Жанұр ұрған. Сонда балам бізге қандай да бір жолмен құтылып шыққанын айтты. Қазір бұл жағдайды ойлап жүрегім жарылады. Балам 15 жаста ғана. Оны енді қамауға алды. Баланың тағдыры қайдағы бір ыдысқа, тамаққа бола тас тасқаны шықты»,- дейді отбасы мүшесі.

Биыл ғана мектеп бітірген жігітті өлтірді деген күдіктінің отбасы бір ұл және екі жас қыз тәрбиелеп отырған көрінеді. Сондай-ақ, күдікті оқыған № 13 мектепте жасөспірімнің сабақ үлгерімінің жақсы екенін және мектептен себепсіз қалмайтынын айтты. Адам өлтірді деген күдікті сынақтың бәрін 4 пен 5-ке тапсырған екен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда биыл ғана мектеп бітіріп, университетке түскен жас жігіттің өліміне қатысы бар 16 жастағы баланың ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау