Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы сауда үйінің кепілге алынғаны туралы жалған ақпарат таратқан қыз кешірім сұрады (видео)

Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын студент қыз Инстаграм желісіне жалған ақпарат салғаны үшін кешірім сұрады. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

20160722125354

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына “Сити Плюс” сауда үйінде адамдарды кепілге алып жатыр деп хабарлаған.

Бұған дейін Алматыда лаңкестік әрекет барысында көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқан 1995 жылы туған қыздың ұсталғандығы хабарланған болатын.

“Instagram әлеуметтік желісіне жарияланған ақпарат тексерілмеген еді. Мен ақымақтық танытып, оны желіге салып жібердім. Жасаған қылығыма қатты өкінемін. Кінәмді мойындаймын. Енді бұл қайталанбайды. Мені кешіріңіздер”, – деді ол тергеу барысында.

Сондай-ақ, тағы бір жалған мәлімет таратушы – 1993 жылы туған азамат ұсталды. Ол коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, қаланың төменгі жағында қаруланған 100 адамның адамдарды қырып жатқаны жайында әдейі жалған ақпарат таратқан.

Қазір екеуінен ҚР ҚК 274-ші бабының 2-ші тармағында көрсетілген қылмыстар нышаны бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында жауап алынып жатыр. Жақын уақытта іс жүргізу рәсімі бойынша күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалады.

Сонымен қатар, полиция бөліміндегілер көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқан басқа да тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шарасының жалғасып жатқандығын хабарлады.

Талқылау