Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Республика алаңынан арматур мен керосин құйылған бөтелкелер табылды

Полиция қызметкерлері жұма күні таңертең Алматыдағы Республика алаңына жақын маңға жасырылған керосин құйылған бөтелкелер мен арматур темірлерін тапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

еку

Сурет newskaz.ru

Жұма күні таңертең полицейлер Бәйсейітов көшесі аумағын қоршауға алды. Ресми түрде ол жерде не болғаны туралы түсініктеме берілді.

“Полицейлер кәріз құдығынан белгісіз сұйықтық құйылған бөтелкелерді тауып алды. Олар жанғыш заттармен толтырылған болуы әбден мүмкін. Сағат 11.00-де Бостандық аудандық полиция басқармасы шын мәнінде де ол жерден бөтелкелер табылғанын растады. Бөтелкелер ішіне жанармай толтырылыпты. Қазір оқиға бойынша жұмыс жасалуда”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыдағы Республика алаңы қоршауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау