Алматыдағы “Оңай” көлік карталарына “Жолақы” тарифы енгізіледі

Сейсенбі, 6 Қыркүйек , 2016 17:50

2016 жылдың 1 қазанынан бастап, Алматыда жолаушыларға ыңғайлы болу үшін “Жолақы” тарифы енгізіледі. Оны “Оңай” картасының балансын толтыру кезінде іске қосуға болады.

20160906152342

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр.

Өзіне ыңғайлы тарифтің құнын төлеген пайдаланушы қаладағы қоғамдық көліктермен жүрген әр сапарын бір ғана картаға сақтауы керек.

2016 жылдың 1 қазанынан бастап, ескі үлгідегі “Оңай” көлік картасын (көлік карталарынан бөлек тасымалдағышта) шығару тоқтатылады. Алайда бұрын сатып алған ескі үлгідегі “Оңай” көлік картасын 2016 жылдың желтоқсан айына дейін пайдалануға, толтыруға болады.

Мұндай жол жүру карталары Алматы мәслихатының шешімімен 2016 жылдың 1 наурызында шыққан еді. Алайда, электронды билеттеу жүйесінің операторы жүйені пайдалануды барынша ыңғайлы етуге тырысуда және сол себепті “Оңай” көлік жолақыларын «Оңай» көлік карталарымен біріктіру жұмыстары жүргізілді.

Карталардағы жолақы құны өзгермейді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар