Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы метро өкілдері мүгедек азаматқа қатысты шағымға түсініктеме берді

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы метросында болған жайтты қызу талқылап жатыр. «Метрополитен» КМК осыған қатысты пікірін мәлімдеді.

20160222155954

«2016 жылдың 21 ақпанында кешкі уақытта қолына таяқ ұстаған мүгедек ер кісі «Алатау» стансасындағы бақылаушы әйелге жолығып, мүгедектерге арналған көтергіш арбаны сұрады. Бақылаушы әйел бұл туралы әуелі басшылықтан сұрау керектігін айтты. Сосын рация арқылы басшылықтың рұқсат етпегенін хабарлады. Мүгедек жан ренжіген күйі сатыдан өзі көтерілуге мәжбүр болды. Егер көтергіш арбаны пайдалану үшін басшылықтың рұқсаты қажет болса, барлық стансаларда неліктен арнайы көтергішпен шығу туралы айтылған. Бақылаушы жолаушылармен мәдениетсіз түрде сөйлеседі. Достар, осы ақпаратты мүмкіндігінше таратайық. Мүмкін қызметкерлерді жауапқа тартып, жай заң үшін емес, халық үшін қызмет ететіндей шара қолданар», – жеп жазады Facebook желісінде Нұрлан Қожамбердиев.

Бұл іске байланысты «Метрополитен» КМК мынадай пікір айтты: «2016 жылдың 22 ақпанында «Метрополитен» КМК-де көтергіш арбаға қатысты айтылған жолаушылардың бірінің шағыма байланысты тексеру жүргізілді. Қазіргі уақытта барлық метро стансалары мүгедектерге арналған көтергіш арбалармен қамтамасы етілген. 1-техникалық құжатқа сәйкес көтергіштер мүгедек арбасымен жүрушілер үшін тұрғын үй және қоғамдық орындардағы тік жүру не қиғаш жүру сатыларында қолданылады», – деп мәлімдеді «Метрополитен» КМК-нің баспасөз қызметі.

????????????????????????????????????

Сондай-ақ, 4,3-құрылымына сәйкес көтергіш құралға аяғымен жүріп жүрген адамдарға отыруға тыйым салынады. Ол оның денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін.

21 ақпанда «Метрополитен» КМК қызметкерлері ережеге сәйкес қауіпсіздік үшін таяқпен жүрген ер адамға жеделсатымен көтерілуді ұсынған. Алайда, ол одан бас тартып, жаяу сатымен шыққан. Сондықтан Метрополитен» КМК қызметкерлері тарапына қатысты жоғарыда айтылған шағымдарды негізсіз деп есептейміз», – дейді метро өкілдері.

Талқылау