Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Медеу ауданы әкімінің орынбасары пара алды деп күдіктелуде

Алматы қаласының Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Әбдіхалықовқа пара алды деген күдік тағылды.

20160427132254

Бұл туралы бүгін Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қылмыстық қудалау органы тарапынан Алматыдағы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Талғат Әбдіхалқовқа пара алды деген күдік тағылды. Ол 2016 жылдың сәуірінен маусым айына дейінгі аралықта өзіне және басқа да тұлғаларға пайда және артықшылық жасау үшін жеке тұлғалардан пара алып отырған. Бұл үшін ол 9 лот бойынша мемлекеттік сатып алу байқауын Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының жоққа шығармауына ықпал етпек болған», – делінген мәлімдемеде.

Әбдіхалықовты 2016 жылғы 3 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жедел-іздестіру шарасы барысында ұстады. Одан пара ретінде алған 1,3 млн. теңге тәркіленді.

Күдіктінің әрекеті 2016 жылы 5 маусымда ҚР ҚК 366-бабының 3-ші тармағының 4-ші бөлімі бойынша бағаланды.

Бұл қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Әбдіхалықовқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі ұсыныс сот қаулысымен қанағаттандырылды.

Талқылау