Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы “Магнум” еттен табылған құртқа қатысты экспертиза нәтижесін жариялады

“Магнум” гипермаркетінен сатып алынған еттің ішінен табылған құрттың суреті интернет қолданушыларын дүрліктірген-ді. Сурет авторы ет ішінен құрт тапқанын айтқан. Ал маркетолог мамандар зертхана экспертизасының нәтижесін жариялады.

2807

Фото: magnum.kz

Бұл туралы “31.kz” хабарлайды.

“Сиыр еті “Магнумнан” сатып алынған. Адамдар, байқаңыздар! Бұқа таспа құрты жүр! Ет сапасын қадағалаушыларға жалынды сәлем!” – деп Алматы қаласының тұрғыны Мария Свердлик өзінің Facebook парақшасында жазған болатын. Хаттың авторымен тілдесу мүмкін болмаған. Ол өзінің аккаунтын өшірген.

“Экспертиза мұның бұлшық ет бөлігі екенін көрсетіп отыр. Ауызекі тілде мұны “талшық” дейді. Ал бұқа таспа құрты бұлшық етке түсуі үшін мал қатты ауыруы тиіс. Бұл өз кезегінде экспертизадан оңайлықпен өтпейді”, – дейді Magnum Cash&Carry компания өнімдерінің басшысы Влада Афансьева.

Бұл сауда желісіне қатысты жалғыз дау емес. Осыдан бір ай бұрын Алматы қаласының екінші бір тұрғыны шұжық ішінен құрт тауып алған болатын. Ол кезде де экспертизалық тексеру мерзімге қатысты ешбір ақау таппаған. Барлық кінә шұжықты өндіргендерге артылған болатын.

Мұнымен қатар, кәсіпкерлер сауда желісінің үстінен шағым түсірген. Олардың айтуынша, аталған сауда желісі отандық өнімдерді көп ала бермейді.

“Мен жеткізушілерге қатысты қандай да бір қиындықтар бар екенін білмеймін. Өнімдері біздің дүкенде сатылуы үшін сапасы жоғары деңгейде, бағасы қол жетімді, жеткізілуі тұрақты болуы тиіс”, – дейді  Magnum Cash&Carry меркетинг және жарнама департаментінің директоры Виктор Гореглад.

“Магнум” өкілдері өздерінің коммерциялық құпияларын ашты. Тауардан 4,5% көлемінде табыс табады екен. Бірақ көп жағдайда нақты тауарға байланысты болатын көрінеді.

Талқылау