Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы клубта көз жұмған каскадердің өлімін полиция тергеп жатыр

Танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты іс Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының бөлімімен тергеліп жатыр, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыдағы клубта көз жұмған каскадердің өлімін полиция тергеп жатыр

Полиция мәліметінше, Қасым Жұмағожиннің өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Қазіргі уақытта шұғыл тергеу амалдар кешені жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Сонымен қатар аталған іске қатысты соңғы процессуалдық шешім қабылданады», – делінеді хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қараша күні танымал қазақстандық каскадердің дүниеден озғаны белгілі болған еді. Артынша оның өлімінің себебі айтылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау