Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ҚазҰУ университетінде өрт шықты

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өрт шықты, салдарынан 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД сілтеме жасап.

Pozharnyy_proisshestviya

«Бүгін сағат 15.42 шамасында  Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне куәгерлердің бірінен Бостандық ауданы әл-Фараби, 71 мекенжайындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық институтында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп  түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті», – деді қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт 5 шаршы метрді қамтыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Талқылау