Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясы өртенді (видео)

Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Қазақфильм» киностудиясында өрт шықты

«Сағат 15:56-да өрт сөндіру қызметіне Алматы қаласындағы «Қазақфильмнің» ашық аумағында декорациялар өртеніп жатқаны туралы қоңырау түсті. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына сағат 17:04-те жетті. Өрт сағат 17:11-де ауыздықталып, 17:20-да толықтай сөндірілді», – делінеді ТЖД хабарламасында.

Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрайды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 12 адам, 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Қызыл жалын салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

Ал желіде өрт кезінде түсірілген видеолар тарап кетті.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Жарокова Аль-Фараби горит Казакфильм

Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау