Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы қанды оқиғаға күдікті адам тергеу изоляторына ауыстырылды

Алматыда полицияға шабуыл жасап, қанды оқиға ұйымдастырған күдікті ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды.

12575247

Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек хабарлады.

“Кеше ол есін жинап, оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ал бүгін ол тергеу изоляторына ауыстырылды”, – деді Байбек.

Сондай-ақ, бүгін шаһар басшысы қаза тапқандардың отбастарына 15 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіндігін хабарлаған еді. Қазіргі таңда ауруханада төрт адам ауыр халде жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау