Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы дәмханадан шыққан өрттен 46 пәтерге зақым келді

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Юбилейный» супермаркеті мен «Коровабар» дәмханасы аумағындағы өрт болған жерді аралады.

f11e9718d6884f889274628c5f74bc5e

Фото: Юрий Беккер

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қалпына келтіру жұмыстары бойынша тиісті тапсырмалар берді. Бұл жұмыстарды дәмхананың меншік иелері орындайтын болады.

Қалпына келтіру жұмыстары 13 мамырға дейін аяқталуы тиіс. Ал әзірге зардап шеккен пәтерлердің иелері өздеріне уақытша баспана іздеуге мәжбүр болуда. Белгілі болғанындай, өрттің салдарынан 46 пәтер зақымданды.

Естеріңізге сала кетелік, дәмханада болған өрт салдарынан 7 адам құтқарылып, 120 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде үш бала бар. Бір адам уытты газға улану нышанымен ауруханаға жатқызылды. Басқалай зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тілсіз жауды жоюға Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 115 адам мен 21 арнайы техника, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері жұмылдырылды. Өрт таңғы уақытта ауыздықталып, 06 сағат 36 минутта толыықтай сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы – 1100 шаршы метрді құрады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда екі келіншек жұртқа ерекше жол-көлік оқиғасын көрсетті (видео)

Талқылау