Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Чукотка» барындағы төбелес: Александр Кузнецовқа іздеу жарияланды

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотында өткен отырыста «Чукотка» барында төбелескені үшін сотталған Александр Кузнецовқа іздеу жарияланғаны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы «Чукотка» барындағы төбелес: Александр Кузнецовқа іздеу жарияланды

Полицияның Кузнецовқа іздеу жариялау туралы өтінішін мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев қолдады. Тараптардың пікірін тыңдаған сот төрағасы шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

«Бостандық ауданы ІІБ басшысының Александр Кузнецовқа іздеу жариялау туралы өтініші қанағаттандырылсын. Александр Кузнецовқа іздеу жариялансын», – деді сот төрағасыТеміржан Құдабаев.

Естеріңізге сала кетсек, Александр Кузнецов 2015 жылдың наурыз айында “Чукотка” барында болған төбелес кезінде Сырым Мұратқалиевті өлтіріп қойғаны үшін сотталған болатын. Кейіннен сотталған азаматтың бостандыққа шыққаны хабарланды. Алайда, оның жазадан оңай сытылып кеткенін естінен марқұмның туыстары сот шешімне шағымданып, Кузнецовты қайта қамауға алуды етті.  Ал, түрмеге жабылуы тиіс Александр Кузнецов Қазақстаннан кетіп қалған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау