Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы бокс кеші: Жұман Жұмабеков қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді (видео)

Осы сәтте Алматыда өтіп жатқан халықаралық бокс кешінде рингке алғашқы болып шыққан қазақстандық Жұман Жұмабеков қарсыласы Беларусь боксшысы Владимир Ивановты алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберді.

450_570cbfc14bf7d

63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшымыз қарсыласын бірден қыспаққа алып, жұдырық астына алды. Бірінші раундтың 23-секундында Жұман Жұмабеков Владимир Ивановты нокаутқа жіберіп, жекпе-жек тоқтатылды. Боксшылар барлығы 4 раун өткізуі тиіс болатын.

Талқылау