Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы бокс кеші: Мырсатаев ганалықты қарсыласын рингке шыға сала сұлатып салды (видео)

Дәл қазіргі сәтте «Алматы арена» спорт кешені дала рухынан қуат алған десе болады.

photo_8563

Қазақстан боксшыларының жеңістері 12 мың орындық спорт кешенін шабыттандырып жіберді.

Осы сәтте рингке шыққан 99 келідегі отандасымыз Руслан Мырсатаев ганалық Нуху Азумиді сұлатып түсірді. Оларға 6 раунд берілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегіне орай ауқымды спорт кеші өтіп жатыр.

Талқылау