Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы барахолка тағы да өртенді (видео)

Алматыдағы барахолкада өрт шықты. Белгілі болғандай, «Самал» базарындағы сауда нүктелерін қызыл жалын шарпыған, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыдағы барахолка тағы да өртенді (видео)

Қалалық ТЖД-ға сауда нүктелерінің өртке оранғаны туралы қоңырау сағат 13:03-те түскен. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына сағат 13:16-да жетті.

Қызыл жалын сағат 14:01-де ауыздықталып, 14: 18-де толықтай сөндірілді. Тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге 63 өрт сөндіруші мен 17 техника жұмылдырылды.

Өрт салдарынан көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы | Almaty 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty)

Еске сала кетсек, биылғы жылдың қараша айының басында барахолкада өрт шығып, саудагерлердің тауарлары түгі қалмай жанып кеткен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау