Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы балалар үйінің қызметкерлері зорлау ісіне күдікті баланы жақтады

Алматыдағы балалар үйінде жетім балаларды зорлау ісі бойынша іс қаралды. Балалар үйінің мұғалімдері мен тәрбиешілері күдікті баланың жағына шықты. Олар Серік есімді ұсталған баланың ондай қылмысқа бармайтынын айтып сендіруде.

7fa26af1c20a73a95b38bf36c1a67f2a

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Бұл оқиға 10 жасар жетім баланың зорлық туралы айтқан видеосы желіге тараған соң тексеріле бастады. Полицейлер балалар үйінде тәрбиеленетін 19 жастағы Серік есімді баланы ұстады. Бұдан бөлек 13 жастағы бала мен қыздың да педофилдің құрбаны болғаны анықталды.

Ал, балалар үйінің тәрбиешісі Ернат Каюлов Серіктің мұндай әрекетке бармайтынын айтады.

«Қазір барлық мұғалімдер Серікті уайымдап отыр. Ол тәрбиелі бала. Балалардың ағасындай болып, бәріне қамқор болып жүреді», – дейді ол.

Тең құқықты және тең мүмкіндік институтының жетекшісі, психолог Маргарита Өскембаева да айыпталып жатқан баланы жақтады. Оның айтуынша, баланы 2015 жылы тамыз айында болған оқиға үшін кінәлауда. Тергеуді тек 5 ай уақыт өткен соң ғана бастады. Одан бері ешқандай айғақ жоқ.

Балаларды қолына алған отбасылар оларды ұзақ уақыт бойы асырап ала алмады. Енді осы даулы сәтті пайдаланып, тез арада асырап алды. Меніңше, мұнда Серіктің есімі тек пайдаланылған болып тұр.

Психолог Серіктің бұдан қатты шаршағанын, тіпті өзіне қол жұмсауға дейін баруы мүмкін екенін айтады.

Татьяна Куан

Бұған дейін Алматыдағы балалар үйінің 10 жасар бала аталған мекемедегі жыныстық зорлық туралы айтып берген еді. Балалар үйінің басшылығы жасөспірімдерді зорлау деректерін жоққа шығарған. Алматыдағы балалар үйіндегі зорлау туралы жаңа деректер анықталған.

Жіберіп алмаңыз:

72 жастағы педофил 9 жасар қызды ауладан пәтеріне алдап апарып зорлаған (видео)

Атырауда 3 жасар қызды қорлаған педофил сотталды

Шымкентте 5 жасар қызды зорлаған педофил қамалды

Қазақстандықтар педофил туыстарынан қалай зорлық көргенін ашық айта бастады

Талқылау