Алматыдағы балабақшалар құны 1 ақпаннан бастап екі есе бағаға арзандайтын болды

Бейсенбі, 28 Қаңтар , 2016 10:17

Бүгін Алматы қалалық Мәслихатының 50-ші сессиясында депутаттар мемлекеттік балабақшаға баратын бір бала үшін төленетін ақы құнын 15 мың теңгеден асырмау жөнінде қаулы қабылдады. altair

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Еске сала кетелік, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының депутаттар фракциясы 2016 жылдың 22-ші қаңтарында қаладағы мемлекеттік бала бақшаларды шаруашылық есептен мемлекеттік тапсырысқа көшіру туралы бастама көтерген болатын. Осылайша, биылғы жылдың 1-ші ақпанынан бастап, екі жастан бес жасқа дейінгі аралықта мемлекеттік балабақшаға баратын 17 000 бүлдіршін үшін тек тамақтану құны ғана төленетін болады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен өткен жылдың қорытындысы бойынша үнемделген қаржыдан 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінетін болды.

«Бізде тұрмысы төмен жандардың проблемаларын шешу мүмкіндіктері бар. Сондықтан, бүгін балабақшалар құнын өсірудің орнына біз 17 мың бүлдіршін үшін төленетін балабақша құнын төмендетіп отырмыз, осының арқасында әрбір отбасы 20 мың теңге көлемінде қаржысын үнемдейтін болады», – деді сессия барысында Алматы әкім Бауыржан Байбек.

Бұдан өзге, мемлекеттік балабақшада жұмыс істейтін әрі 48 мың теңге көлемінде орташа жалақы алатын 3 360 тәрбиешіге 30 пайыз қосымша ақы төленетін болады. Бұл шаралардың барлығы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында әлеуметтік аз қорғалған жандарға қолдау көрсету туралы айтқан тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр.

Сонымен қатар, бюджеттік комиссия 2015 жылы үнемделген қаржы есебінен бірқатар әлеуметтік маңызы бар шаралар үшін 5,3 млрд.теңге бөлуді қарастырды. Бұл жерде өткен жылдың Алматы қаласы үшін 18 млрд. теңге өсіммен аяқталғандығын айта кеткен жөн.

«Әлеуметтік аз қорғалған жандар үшін әлеуметтік нан құнының өсуіне қатысты 59 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр, азаматтардың осы категориясының көлік дотациясы да қарастырылған, яғни алматылық жолаушы тасымалдаушылар үшін 2 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінетін болады. Осылайша, 2016 жылдың 1-ші наурызынан бастап 4,5 мың мүгедек бала, 23 мың 1-2-ші топтағы мүгедек, көзі нашар көретін жандар, 12 мың Ұлы Отан соғысының ардагері мен соларға теңестірілген ардагерлер, 50 пайыз жеңілдік алатын 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балалары бар аналар қоғамдық көлікте тегін жүретін болады. Ал, 202 мың оқушыға бағасы – 1000 теңгелік, 200 мың зейнеткер мен 7,5 мың көп балалы аналар үшін құны – 2000 теңгелік, ал 202 мың студент үшін бағасы – 3000 мың теңгелік бір айлық жол жүру билеттері қайтадан қолданысқа шығарылады», – деді өз кезегінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Жеңілдетілген жол ақысы билеттерін алу үшін аталған категориядағы азаматтар қала аудандары әкімдіктерінің әлеуметтік қорғау бөлімдеріне барып, өтініштерін беруі тиіс.

Сонымен қатар, Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасына сәйкес, азаматтардың өтініштері бойынша қаланың кейбір бөліктеріндегі көлік бекеттері жоқ екендігі жөніндегі мәселе де шешімін табатын болды. Олардың жобалау-сметалық құжаттамасын дайындау үшін бюджеттен 600 мың теңге қарастырылды. Аталған Бағдарлама аясында Алматының көлік моделін жасау да қолға алынады, мұнда жол қозғалысының кешенді схемасы, көлік легін тиімді пайдалану және басқа да жол-көлік жүйесіне қатысты маңызды мәселелер қарастырылған.

Осыған орай, аталған схеманы жасау үшін 300 млн.теңге бөлінеді.
Сондай-ақ, мәжіліс барысында Гагарин атындағы балалар кітапханасына күрделі жөндеу жүргізу үшін 28 млн. 737 мың теңге, «Самал» пансионатын жөндеуге 6 млн. 471 мың теңге және екі бала бақшаға жеңіл құрал-жабдық, жиhаз, ыдыс-аяқ және басқа да керек-жарақтар алу үшін 11 млн. 688 мың теңге бөлінетін болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар