Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыста жараланған сақшылардың бірі есін жиды

Ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген жол-патрульдік полиция қызметкері қазір өзі тамақтанып, туысқандарымен тілдесе бастады. Өкінішке орай, әлі бір сақшының өмірі қыл үстінде тұр деп хабарлайды КТК.

ымым

Клиникалық өлім жағдайында түскен 23 жастағы Келдібаевты дәрігерлер әзер аман алып қалған.

“Өкпе қуысында көптеген қан және зақымдалған қабырғалар сынығы, қан кетулер және өкпенің үш жерден жарақаттанғаны байқалды. Көп қан кетуге байланысты бірден көп мөлшерде қан құйылды, плазма құйылды. Операци ауыр өтті”, – деді хирург Самат Жәрменов.

Атыс басталған Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің сақшысына бірден екі ота жасалыпты. Күлікбаевтың ізіне түсіп оқ тиген Келдібаевты құтқарып қалу үшін дәрігерлер 7 литр қан құйған. Сол жақ өкпесін үш жерден тігіп, әзер дегенде бетін бері қаратыпты. Ең ауыр жарақат алған осы полицей.

23 жастағы жігіттің қабырғасы бірнеше жерден сынып, көкбауыры жарылған. Осы орталық клиникалық ауруханаға жеткізілген тағы бір жол-патрульдік полиция қызметкері бүгін есін жиды. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылып, өзі тамақтанатындай жағдайға жеткен. Ал қалалық жедел жәрдем ауруханасында әлі 4 жаралы бар. Жантүршігерлік атыста аман қалған жалпы 6 адам. Оның 5-уі полиция қызметкері болса, біреуі қарапайым тұрғын.

Бұған дейін Алматылық атқыш Руслан Күлекбаев көздегенін жайратып салатын кәнігі мерген болып шыққанын Алматы қалалық ІІД хабарлаған.

Қаншама адамның өмірін қиған күдікті туралы бұған дейін оның келіншегі, мұғалімі және енесі түсініктеме берген еді.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 5 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді.

Ал ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау