Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыста күдікті басып алмақ болған көліктің жүргізушісі көз жұмды

Алматыдағы шабуыл кезінде 3 полицей мен 1 тұрғын қаза болды, – деп мәлімдейді ҚР ІІД-ні баспасөз қызметі.

b64a3566171207c38f61abf482bb6706-small

Сурет: Анатолий Устиненко, ИА “Новости-Казахстан”

«Боран» полиция экипажының қатысуымен қылмыскерді іздеу кезінде 2 полицей оқты жарақат алды», – делінген хабарламада.

ІІД мәліметінше, кейіннен күдікті жарақат алып “Казақконцерт” аймағында  полицейлер қолына түскен. Оның жеке тұлғасы анықталды.

«Өкінішке қарай, қылмыскер бұған дейін қала тұрғынының жеңіл көлігін басып алған. Жүргізуші алған жарақатынан сол жерде мерт болған. Жарақаты салдарынан 3 полиция қызметкері қаза болды», – делінген хабарламада.

Дүйсенбі күні Алматыда террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Қалада террорға қарсы шаралар жүріп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскен болатын.

Талқылау