Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыста қаза болған полицейдің артында аяғы ауыр әйелі қалды

Алматылық полицейлер сейсенбі күні қалалық ішкі істер департаменті ғимаратының алдында қаза болған әріптестеріне арнап гүл шоқтарын қойып, олар туралы естеліктерімен бөлісті.

^FC12222A5A5C9CD25BD039F7530D3A9A48776035D25172B474^pimgpsh_fullsize_distr

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Жол-патрульді полиция қызметкері Нұрлан Исмаилов қаза болған полицей Мақсат Салимбаевпен бірге қызмет еткенін айтты.

“Ол бізге сәуір айында ауысып келді. Өзі ақкөңіл, қызметтік ортада беделді болатын. Әйелімнің аяғы ауыр деп қуанып жүретін еді”, – деп еске алады Исмаилов.

Бүгін шаһар басшысы қаза тапқандардың отбастарына 15 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетілетіндігін хабарлаған еді. Қазіргі таңда ауруханада үш адам ауыр халде жатыр.

Дүйсенбі, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаменті ғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Біраз уақыт бұрын ғана ішкі істер министрі қаскөйдің полициядан кек алмақ болып шабуыл жасағанын айтты. Кейінірек қалада болған атыстың бейнежазбасы да пайда болды.

Талқылау