Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы арнайы операция: ұсталғандардан қару мен бронежилет табылды

Алматыда түнгі арнайы операция кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының қаруланған екі тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы Stan.kz Алматы қалалық ІІД-не сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жексенбі 12 қарашада сағат 23.00 кезінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы Бостандық ауданында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысының 1994 және 1969 жылы туған екі тұрғынын ұстады.

“Көліктің ішін тінту кезінде жарықтық-дыбыстық автомат, калибрі 7,62 мм оқ-дәрі, аңшы пышағы, бронежилет табылған”, — делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктілер бұдан бұрын қару-жарақ сақтау, есірткі қылмысы және алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу нәтижесінде қару-жарақ сақтау және тасымалдау мақсаты анықталып, ұсталғандардың Алматы және басқа да өңірлердегі қылмыстарға қатысы бары тексеріледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, полиция Республика алаңы, президент резиденциясы мен қала әкімдігіне жақын жерде екі ер адамды ұстады. Жол талғамайтын қара Toyota Land Cruiser 100 Фурманов көшесінде Сәтпаев көшесімен қиылыстан оңтүстікке қарай жүз метрдей жерде тұрған.

Жол талғамайтын көліктің екі дөңгелегі жарылған, бүйір және алдыңғы терезелері сынған. Көлік жанында қару болған, Калашников автоматына ұқсайды (шын қару ма, жоқ па, әлі белгісіз) және гранатаға ұқсас зат жатыпты. Ұсталған екі азаматтың бет-ауызы қан болған.


Жіберіп алмаңыз:

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апатынан үш адам қаза тапты

Алматыда көктайғақ: Бір қиылыста 4 жол апаты болды

Астанада Infiniti көлігі екі қызды қағып кетті

Алматыдағы арнайы операция тұрғындарды шошытты

Талқылау