Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы алып билбордтар алынып тасталуы мүмкін

Қалалық мәслихат көлемі тым үлкен жарнама тақтайшаларын ықшамдау туралы шешім қабылдаған. Ал бұған жарнама агенттіктерінің басшылары шығынға бататын болдық деп қарсылық білдіруде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Безымянный

Сурет cabmarket.kz

Мәслихат депутаттарының шешіміне сай көше бойындағы жарнама тақтайшаларының ені енді екі метр отыз сантиметрден, ал ұзындығы үш метр 14 сантиметрден аспауы қажет. Әрі талап 1-ші сәуірге дейін орындалуы тиіс екен. Ал бұл өзгеріске 4 айдан бері құлақ аспай келген кәсіпкерлердің жармана тақтайшалары алынып тасталып, жасалған келісімнің күші жойылады.

Сондықтан билборд жасаумен айналысатын 50-ден астам фирма басшылары прокуратураға шағымданып, сотқа жүгінген. Бүгінгі отырыста мемлекеттік айыптаушы мәслихаттың шешіміне қарсылық білдірді. Енді жақында ғана сайланған депутаттар ескі әріптестері қабылдаған шешімді қайта қарауы тиіс.

“Бізге мәжбүрлі түрде билбордтарының көлемін өзгерткізбек. Бұл қымбатқа түсетін жұмыс, ешбір агенттіктің қалтасы оны көтермейді. Клиенттерімізден айырыламыз, салдарынан жұмыс орны қысқарып, бюджетке түсетін салық көлемі де 4 есе азаяды”, – дейді «Бірлік» жарнама агенттіктері қауымдастығының өкілі Ляля Жұмабекова.

Талқылау