Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы кеңейтілмек (видео)

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы кеңейтіліп, даңғыл бойында тағы бір жер асты өткелі салынуы мүмкін.

040b637e9e_original

Фото: ilovealmaty.kz

Бұл туралы Kolesa.kz хабарлайды.

Әл-Фараби даңғылы мен Саин көшелерін мен Шығыс айналма жолында әр жерде сағатына 80 шақырым жылдамдық режимі бекітілген. Алайда даңғылдың кей тұстарындағы тар аумақтар көлік тығынан көбейтіп жатыр. Солардың бірі – Есентай өзені жанындағы аумақ.

Қала билігі қапталда орналасқан жүргіншілер жолағын алып тастап, аспалы көпірді кеңейтуді ұсынған. Сонымен қатар, Шашкин көшесінен бастап Villa dei Fiori мейрамханасына дейін әр қиылыста жеке жолақ та салынбақ. Осылайша бұл аумақта жолақ саны 8-ге дейін жетпек. (Әр қапталда 3,5 метрден 4 жолақ). Есентай өзені ауданындағы жүргіншілер жолағы оң және сол қапталдағы аспалы көпірлерге ауыстырылуы мүмкін. Жобалаушылар көрнекі видеоны да дайындап қойыпты.

Сонымен қатар, Ремизовка сайындағы бұрылыс мәселесі де қарастырылмақ. Біршама уақыт бұрын кіру мүмкіндігін кеңейту үшін бұл жерде бағдаршамды өшіріп, алшақтықты блоктармен жауып тастаған еді. Нәтижесінде батысқа қарай бара жатып, Ремизовкаға кіруі тиіс көлік жүргізушілері Жароков көшесіндегі жол айырыққа дейін барып, кері бұрылыс жасауға немесе “Есентайға” қарама-қарсы орналасқан жер асты өткелін пайдаланып Әл-Фарабидің оң жағындағы тұрақ арқылы жүруге тура келген. Енді бұл мәселе Ремизовка бұрылысы мен “Нұр-Мүбәрак” университеті арасына жартылай айналма жер асты жолын салу арқылы шешілуі мүмкін.

Алайда жекелеген бір метрге дейінгі жолақтар салып тастау ортадағы жасыл желектің жойылуына әкеліп соқпақ. Енді ол жасыл желектер жаңа тротуарлардың жанынан орын тебуі ықтимал.

Талқылау