Алматыда үйінен үнемі қашып кететін қыз табылды

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 12:22

Алматыда полиция қызметкерлері үйінен үнемі қашып кететін 13 жастағы қызды тапты.

нашлась0711

Ол өзінің неліктен қашып кете беретіндігін, анасымен ұрысып қала беретіндіктен деп түсіндірген. Қалалық ІІД хабарламасы бойынша, қыз кезекті рет өз үйінен 2-қараша күні кетіп қалған.

“Қыздың анасы полицияға хабарласқан. Жасөспірім қыз өзінің достарының үйінде болыпты. Оқиғаға байланысты қызды кінәлауға болмайды. Бұл жерде қыздың өміріне қатысты ата-ананың рөлі басым болып тұр. Бұл ата-ананың балаға бақылау жасамауы, жауапкершіліктің болмауы деген сөз. Бұл қыздың алдағы дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті, алдын алу шарасы ретінде бұл жанұядағы мәселені Наурызбай ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберу туралы шешім қабылданды”, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі ювенальды полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Лейла Әліпбаева.

Әзірге қыз кәмелекет толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған. Қыз үйінен жиі кетіп қалатынына байланысты, оның білім алу үдерісіне ілесе алмай отырғандығы белгілі. Ата-анасының да осы ретте жауапсыздығын ескерген арнайы комиссия қызды мінез-құлқы қиын балаларға арнайы білім беру орталығына орналастыруды да қарастыратын болады.

Оқи отырыңыз:

Есікте зорланған қыз өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты

ШаҺизада Алматыдағы республика сарайы мекемесін сотқа бермек

Жазира: Жанболаттан таяқ жедім. Өзімнің тілімнен таптым

Есболат Беделхан “Ninety one” тобының қыздарша нұсқасын құрмақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар