Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үй мен көлік әперемін деп талай адамды сан соқтырған емші әйел қолға түсті

Алматыда Әуезов аудандық полициясы балгер әйелдің бірнеше алаяқтық әрекетке қатысын тексеріп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.

1-(3)

Аудандық ішкі істер басқармасының мәліметі бойынша, құқық қорғау органы 1968 жылы туған Ақылова Р. А. есімді азаматшаны тексеріп жатыр. Қазірге дейін бұл әйелдің теріс әрекеттеріне қатысты полицияға төрт адам шағым білдіріп келген.

“Азаматша Ақылова бал ашамын және дәстүрлі емес жолмен емдеймін деп адам қабылдап отырған. Әрі қарай әйел өзінің бірнеше клиентіне пәтер алып беретінін айтып, қармаққа түсірмекші болған. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерден кепілмен көлік алып беремін деп те уәде берген. Ақылова өзінің қызметі үшін 100 мың және одан да жоғары сома талап етіп алып отырған. Бірақ, берген уәделерінің ешбірін орындамай, клиенттер полицияға шағым түсіруге мәжбүр болады”, – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.

Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары аясында бұл адамның басқа да қылмыстарға қатыс тексеріледі. Осы ретте құқық қорғау органы бұл адамды танып немесе алданып қалған жандар болса хабарласуға шақырады: 298-53-00 және 298-53-01 телефондары.

Оқи отырыңыз:

Жас жұбайлар думандатып той жасаудың орнына 30 балаға қыстық киім алып берді

Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған

Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан

Теміртауда жалаңаш маньяк 8 жасар қызды қуып жетпек болды

Талқылау