Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үстінде балалар отырған ең қорқынышты аттракцион бір сағат бойы істемей қалған

“Fantasy World” саябағындағы “Ромашка” аттракционы істен шыққан. Төтенше жағдай кезінде онда балалар отырған екен.

75815_tn

Оқиға 22 мамыр күні болған. Желідегі тараған ақпарат бойынша оқиға болған жерге құтқарушыларды ешкім де шақырмаған. Ал әуеде қалықтаған балалардың бір сағат бойы күтуіне тура келген.

Саябақ әкімшілігі балаларды жерге өз күштерімен түсіріп алған. Ал құрылғының істен шығуы элекр жүйесінің әсерінен деп түсіндірілген.

75814_tn

75816_tn

“Бұл аттракционда әр күн сайын техникалық тексеріс жүргізіледі. Оқыс оқиға электр жүйесіндегі ақау әсерінен орын алып отыр. Балалар жерге түсірілді. Олардың өміріне қауіп төнген жоқ”, – дейді саябақ әкімшілігінің өкілі.

Талқылау