Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш жігіт букмекерлік кеңсенің күзетшісін қан-жоса қылып ұрып кетті

Алматыда букмекерлік кеңсенің күзетшісін аяусыз соққыға жықты. Бетперде киген үш жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалды.

Болжам бойынша, оқиға 20 қаңтар күні «Пари-Матч» букмекерлік кеңсесінде болды. Үш жігіт бетперде тағып, күзетшіні темірмен ұра бастады. Олар кіргенде күзетші ұялы телефонына қарап отырған. Сол сәтте жігіттің бірі темірмен денесінен, басына ұра бастады.

Үшеуді бірі ақшаны іздей бастады. Екеуі күзетшіні ұрып соқты. Күзетші орындықпен тк басын жауып үлгерді. Бірақ соққы басына да тиіп, қан-жоса болды.

Полиция департаменті оқиғаны растады. Әуезов ауданының полицейлері тергеу жүргізіп жатыр. Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау