Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үндістандық студенттің өліміне күдікті 30 жастағы әйел ұсталды

Алматыда үндістандық студенттің өліміне 30 жастағы әйел күдіктелуде. Ол Түркістан облысының тумасы.

Алматыда үндістандық студенттің өліміне күдікті 30 жастағы әйел ұсталды

Қайғылы оқиға 9 қараша күні болды. 3-курс сутденті жалдамалы пәтерінен жала жансар күйінде табылды. Кейін есін жимастан мерт болды. Ол Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 3-курс студенті болып шықты.

Бұған қақысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде 30 жастағы әйел ұсталды. Ол 1987 жылы туған Түркістан облысының тумасы. Болжам бойынша, студент пен күдікті әйел бірге ішімдік ішкен. Отырыс соңында екеуі жанжалдасып қалған.

Бұған дейін жігіттің денесінен зорлық белгілері табылғанын жазған едік. Студент осыған дейін оқу орны басшылығынан жатақханадан орын беруді сұрағанымен, жетекшілері оның өтінішіне мән бермей келіпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау