Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүзгіш қыздар бапкерлерінің былығын жайып салды

Синхронды жүзетін қыздар мен бас бапкер арасындағы дау өрши түсті. Ұлттық құрамадан қуылған спортшылар енді жаттықтыру кезінде көрген қорлықтарын жайып салды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

1205928055_7

Айтуларынша, ел атынан барған әлемдік додалардан жүзгіштердің аш қайтып, тіпті көшеде қонған кездері де болған. Бас бапкерге қарсы шығамыз деп, жұмыссыз қалған спортшы қыздар жалғыз жанашыры – Су спорты федерациясынан көмек сұрады.

Бұл – Шанхайда өткен синхронды жүзуден әлем чемпионаты. Отыз елді артта қалдырған қаракөз қыздарымыздың финалда өнер көрсетіп тұрған сәті. Алайда алты жыл бұрын алтынға бергісіз болған арулар бүгінде жұмыссыз сандалып жүр. Бұл үшін олар бас бапкерін кінәлайды.

“Құрама командадан 4 қыз кетті, 2016-шы жылы тағы да екі қыз кетті және жас командадан үш қыз кетті. Бапкерлердің жаттығуларда жағымсыз жағдайларды тудыратыны себептен. Бұл Демченко және оның көмекшілері Каримова мен Баймурзина”, – дейді синхронды жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әмина Ермаханова.

Азия ойындарының қола жүлдегерлері бас бапкердің өздеріне қысым жасағанын айтады. Сөйтсе, халықаралық додаларға деп бөлінген қаражат бұрынғы командаға бір рет те бұйырмапты. Қыздар жарыстарға өз ақшаларына барып, тамақты да өздері сатып алып жүріпті. Тіпті жарысқа алып барған бапкердің жат жерде жалғыз қалдырған кезі де болған көрінеді.

“Жарыс біткен соң біз вокзалда түнде  қондық. Қонақүй іздеймін деген. Чемодан үстіне жатып үшеуміз қондық, далада”, – дейді синхронды жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айнұр Керей.

Синхронды жүзуден ұлттық құрама бапкерінің былықтарын айтуға қыздар біраз жылдар бойы дауаламаған. Өйткені спорттан біржолата аластатып жібере ме деп қорқыпты. “Ол мәселелерді көтеруге бізге рұқсат берген жоқ. Шындықты айтуға біз қорықтық”, – дейді синхронды жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айнұр Керей.

Жүлдегерлер өздерінің жылдар бойы жалақы да көрмегенін айтады. Тіпті осыған дейін ұтқан медальдарына бірде-бір тиын төленбепті. Ол бойынша қазір жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бас бапкерді тексеріп жатқан көірнеді. Синхронды жүзуден халықаралық спорт шебері дәрежесіне жетсе де, жұмыстан шығып қалған алты спортшы Федерациядан көмек сұраған. Алайда ондағылар бұл тұрғыда әзірге ештеңе айта алмай отыр.

 

Талқылау